ШҚО Талдау және болжау институты мемлекеттік қызмет тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді.
ШҚМУ-дың «Ділмар» пікірсайыс клубы да осы іс-шараға қатысты.
Сайыстар қазақ және орыс тілдерінде американдық парламенттік форматта өтті. Қатысушылар мемлекеттік қызметтің қоғамға пайдасы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі сынды түрлі мәселелерді қозғады.
– Бұл менің пікірсайысқа алғаш рет қатысуым. Тақырыбы өте маңызды болды, дайындық барысында көп ізденуге тура келді. Сондықтан дебаттар мен үшін пайдалы болды. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз, – дейді «Ділмар» мүшесі Әйгерім Тайшыман.
Қазақ лигасында Жұлдызай Бақтыбайқызы («Технология», 2 курс), Ақерке Құрманбек («Математика», 1 курс) бірінші, Нұрболат Советханов («Журналистика», 2 курс), Ажар Қожабаева («Қазақ тілі», 1 курс) екінші орынды иеленді. Гүлжазира Қаденова мен Айзат Рамазан («Технология», 2 курс) үшінші орын алды. Үздік спикер болып Іңкәр Дәлелқанова атанды.
Орыс лигасында Әйгерім Тайшыман («Шет тілі», 2 курс»), Гүлжан Естаева («Журналистика», 4 курс) бірінші, Елизавета Ананина («Химия-биология», 1 курс), Әділ Манапбай («Педагогика», 3 курс) екінші орын алды.
Баспасөз қызметі