ШҚМУ-да Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы М. Амринова Жоғары колледж студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.
Ол діни сауаттылықты арттыру мақсатында бас ғимаратта студенттермен және оқытушылармен (барлық саны 105 адам) кездесті.
Әңгіме дін саласындағы мемлекеттік саясат тақырыбында өрбіді. Баяндау барысында бейнематериалдар, әдістемелік құралдар, діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерін насихаттайтын парақшалар таратылды.
Білім алушылар дін саласындағы заңнамамен, елдегі діни конфессиялармен танысты. Сұрақтар қойып, дінге қатысты мәселелерді белсенді талқылады.
Қ. Бағдатова, Н. Исабаева
Жоғары колледж оқытушылары