- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Б. Жұмабеков ШҚМУ Жоғары колледжі студенттерімен діни саладағы мемлекеттік саясат тақырыбында кездесті.
Кездесуде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатындағы мемлекеттің дін саясаты, жат ағымдардан сақтану жолдары туралы айтылып, пікір алмасу жүрді. Жастардың діни сауаттылығы өзекті мәселелердің бірі екені аталды.
Ж. Мұқанбаева,
Жоғары колледж оқытушысы