Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Дінтану-философия», «саясаттану» мамандықтарының 1 курс студенттерімен кездесу өтті

Жаңа оқу жылында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде дінтану-философия бойынша жаңа оқу бағдарламасы ашылды.

Дінтану-философия мамандығы – еліміздегі ең жас мамандықтардың бірі. Осы мамандық бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес құрылған.

Дінтану-философия оқу бағдарламасы гуманитарлық ғылымдар санатына жатады. Дінтану-философия бакалавры – әлемдегі қазіргі діни жағдайды талдауда, діни ағымдар мен конфессияларды түсініп, белгілі бір әлеуметтік топтың өмірінде діннің қандай орын алатынын түсіндіру, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, қоғамның рухани дамуына ықпал ету кезінде таптырмайтын маман.

Жуырда Тарих, филололгия және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ә. Өскембай, оның орынбасары Г. Нұралинова, Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ф. Қабдрахманова мен оқытушылары, «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандары 1 курсқа жаңадан қабылданған «дінтану-философия», «саясаттану» мамандықтарының білім алушыларымен кездесіп, оқу үрдісіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo