Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Дәрігерлер ЖҒжТФ студенттері үшін репродуктивті денсаулық жөнінде семинар өткізді

«Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттеріне репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша семинар ұйымдастырды.

«Гедеон Рихтердің» маманы Д.Г. Хисаметдинова қыздарға арналған семинар барысында отбасын жоспарлау қажеттілігі туралы хабардар ете отырып, контрацепция әдістерін және олардың қолдану әдістерін үйретті.

Семей медицина университетінің уролог-андрологы Р.Б. Исаханов жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері туралы қызықты және пайдалы әңгіме өткізді. Студенттер жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың түрлері туралы және олардың алдын алу туралы білді.

Студенттердің дәрігерлермен кездесуі жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына септігін тигізді.

Семинар соңында студенттер өз сұрақтарына сауатты жауап алды.

Естеріңізге сала кетейік «Нұрсалауат»14-29 жас аралығындағы адамдарға гинеколог пен урологқа АНОНИМДІ ЖӘНЕ ТЕГІН келуді ұйымдастырады.

Толық ақпарат алу үшін 8:00-ден 17:00-ге дейін 8 (7232) 208-445 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo