Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Дүбірлі дода «Аламан » фестиваліне аттанған серпіндіктер

Қазан-қараша айларында Республикалық «Аламан» фестивалінің аясында «Серпін-2050» бағдарламасы квотасымен білім алып жатқан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1, 2, 3 курс студенттерінің арасында көптеген шығармашылық сайыстар (ән айту, би билеу, аспаптарда ойнау), спорттық (волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ), «Start  up» ғылыми-шығармашылық  жарыстары өтті. 

Көптеген студенттер жүлдегер атанды. Нәтижесі ретінде Отанымыздың  25 жылдық Тәуелсізідігіне арналған қорытынды гала-концерт өз орнын алды. Осы қомақты іс-шарада үздік атанған шығармашылық нөмірлер университет басшылығы тарапынан мараппатталып, алғыстар білдірілді.

Жоғары оқулар мен колледждерде аталып өткен барлық осы шаралардың қорытындысы ретінде 25-26 қарашада  республикалық «Аламан»  фестивалі 24 ЖОО-нан, 40-тан астам колледждерден келетін студенттер өкілдерінің басын  қосып, шығармашылық талаптарын қызықтап дүбірлі дода өткізбекші. Астанадағы фестивальге  еліміздің түпкір-түпкірінен әрбір оқу орнынан келген жастар өз оқу орнын, аймағын талапты өнерлерімен таныстырады.

Біздің университтің жастар шығармашылық  тәрбиесіне қосатын  үлесін жақсы қырынан көрсетіп қайту ісі  «Бастауышта оқыту және  педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының  3 курс студенті, ШҚО бойынша бас сардар Мұхтарқызы Салтанатқа, ары қарай көшбасшыларға арналған оқыту семинар-тренингке қатысатын; «Информатика» мамандығының 3 курс студенттері Анафия Перизатқа, Төлеубаева Назеркеге; «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының 2 курс студенті Базарбай Динараға жүктеліп, үздік концерттік номинация ретінде аталып отырған фестивальге қатысуға аттандырылды.

Жауапты борышын өтеуге бел буып, алыс жолға шыққан қыздарымызға оң сапар тілеп «Жемісті оралыңыздар» дейміз!

«Серпін-2050» штабының жетекшісі

Л.Байжұманова

Қазақ
× You found a Typo