Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Думанға толы студенттік шақтар-ай

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізілді.

Студенттік кезең – университетте білім алған әрбір адамның өмірбаянындағы ұмытылмас шақтары. Жастық шақ таусылмас күш-қайратқа толы, өмірге деген құштарлық, ғылым мен әлемді танудың ең шарықтау кезеңдерінің бірі.

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті – әрбір студентті «Шіркін, осында оқысам ғой!» деген арман жетегіне ертетін қызықты факультет. Факультеттің  Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында Халықаралық студенттер күнінің 75 жылдығына байланысты «Думанға толы студенттік шақтар-ай» атты мерекелік кеш өтті.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің университетте оқып жатқан Қытай, Корея, Моңғолия елдерінен келген студенттер бірнеше тілде өз құттықтауларын білдірді.

Кешті ұйымдастырған 2 курс студенттері сазды ән, әсем би, әдемі қалжыңмен студенттердің қызықты өмірін суреттеді. Кафедра оқытушылары өздерінің студенттік шақтарын еске алып, студенттердің  қызықты сұрақтарына жауап беріп, түрлі ойындарға қатысты.

Кеш қонақтары Пекин қаласындағы Қытай орталық Ұлттар университетінің профессоры Нұрбақан  Кәлелханұлы, «Шабыт» қалалық ақындар мектебінің жас ақындары,  КАЕУ студенттері құттықтап, ән мен жырдан шашу шашты.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы  

Қазақ
× You found a Typo