28 тамызында экономика және басқару кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдарымен кездесу өткізді.
Мамраева Динара Ғабитқызы - э.ғ.к., доцент, нарықтық қатынастар институтының директоры, Ташенова Лариса Владимировна – Ұлы Петр атындағы Санкт Петербург мемлекеттік политехникалық университетінің аспиранты «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін көп факторлы бағалау және бәсекеге қабілетті туристік өнімдер даму стратегиясын әзірлеу» жобасы шеңберінде Қазақстанның туристік – рекреациялық ресурстарын бағалауды жүзеге асыруда.
Өңірлік туризмді дамыту және Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау мәселелері талқыланды.
Экономика және құқық факультеті