Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экология және география кафедрасы үгіт-насихат жүргізді

Экология және география кафедрасының өкілдері Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Аталмаш колледжде кафедра меңгерушісі Ж. Идришева, аға оқытушысы М. Қайсина, Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының маманы Ә. Дауылбаева, Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжінің түлегі, 2 курс студенті Н. Қасенов болды.

Кездесуге «Өрт қауіпсіздігі» мен «Төтенше жағдай кезіндегі қорғаныс» мамандықтары суденттері жиналды. Осы жылы колледжді 39 өрт инспекторы мен 23 төтенше жағдай технигі тәмамдайды. ШҚМУ-дытаныстыру кезінде «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы туралы, кешенді тестілеу туралы ақпарат берілді. Жаратылыстану ғылымдары және технология факультеті мамандықтары туралы фильм көрсетілді. Студенттер қызығушылық танытып, мамандыққа, оқуға түсуге,төлемақыға байланысты сұрақтар қойды.

Кездесу соңында колледждің осы мамандықтарында оқитын студенттер Экология және география кафедрасы 20 сәуірде өткізетін колледж  білім алушыларына арналған «Өрт қауіпсіздігі» бойынша облыстық олимпиадаға шақырылды.

Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo