С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экология және география кафедрасында «Экология», «География», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір қауіпсіздігі» мамандықтарының 1 курс студенттерін қабылдау кеші өтті.
Іс-шараны кафедраның 2 курс студенттері ұйымдастырды.
Салтанатты кешті кафедра меңгерушісі К. Дәкиева ашып, бірінші курс студенттерін құттықтады. Одан әрі 1 курс студенттері ант қабылдады. Кеш концертпен жалғасып, студенттер өз өнерлерін көрсетті.
Концерттің соңы би кешімен аяқталды.
Экология және география кафедрасы