Экология мамандығының 1 курс студенттерімен Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты кураторлық сағат болып өтті.
Тәуелсіз елдің өрендері бар өнерлерін ортаға салып, қыршынынан қиылған боздақтардың рухын еске алып, алғыс білдіріп, өздеріне осындай бақытты өмір сыйлаған жандарға мәңгі қарыздар екендерін өлеңмен өрнектеп, күмбірлеген күймен сыр шертіп, мың бұрала билеп, сахналанған көрініс арқылы жеткізгілері келді.
«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз, тәңір берген тәтті сый. Біз, жастар, бостандықтың қалай келгенін білеміз, оны сақтап, елімізді тұғырлы ету – біздің қолда» дейді ШҚМУ жастары.
Экология және география кафедрасы