- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
17 наурызда С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Экология және география кафедрасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны оқытушылар Санат Құмарбекұлы мен Салтанат Манапова «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс студенттерімен бірлесе ұйымдастырды.
Студенттерді өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін құрметтеуге баулуды, оларға мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін түсіндіріп, патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен тәрбие сағатында Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктері мен осы кезеңде орын алған елеулі оқиғалар туралы қысқаша тарихи-хронологиялық мәліметтер келтірілді.
Экология және география кафедрасы