С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экология және география кафедрасының оқытушысы Г.Ж. Қалелова мен «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығының 2 курс магистрі Д.Қ. Сейітжан «Елбасы – мақтанышым» онлайн дөңгелек үстелін өткізді.
Жиында «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығының студенттері Қаламқас Дәулетова, Күләнда Мұқиятқызы, Самал Ниғметова, Ақерке Алтынбек Елбасымыздың өмірін, тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы игі істерін баяндады. Кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент К.Ж. Дакиева өз ойын ортаға салып, «Елбасының елімізге сіңірген еңбегін жас ұрпақ білуі керек, бұл – халқымыздың тарихы» деп түйіндеді.
Кафедра экологии и географии