Экология және география кафедрасында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші өтті.
Барлық студенттер қатысқан шараны 2 курс студенттері ұйымдастырды. Мереке концертпен және оқытылатын пәндерді таныстырумен шектелмеді. Достық пейілдегі әзілдер, ойындар, конкурстар мен билер де болды. Міндет – мерекені ерекше және естеқаларлық ету.
Кафедра меңгерушісі Күлзипа Дакиева құттықтау сөз сөйлеп, әрбір жасқа студенттік билет табыстады.
Іс-шара бірінші курс студенттеріне өздерін көрсетуге, жаңа достар табуға және курстастарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
1 курс студенттеріне табыс, амандық, ең бастысы денсаулық тілейміз! Құттықтаймыз! Барлығы енді басталады…
«Қоршаған ортаны қорғау және
өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының
2 курс студенттері