Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экология және география кафедрасының оқытушылары «ПРОМХИМЭКО» кәсіпорнының тәжірибе базасында болды

Экология және география кафедрасының оқытушылары С. Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушыларының практикалық сабақтары өтетін «ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативіне барды.

«ПРОМХИМЭКО» өндірістік кооперативінің төрайымы, техника ғылымдарының кандидаты Светлана Гармашова қатысушыларды ұжым мүшелерімен таныстырды.

Содан кейін кооперативтің бас инженері, біздің кафедраның «Экология» мамандығы бойынша түлегі Денис Безгачев жұмыс орындарын аттестаттау және ауа ортасын ластау көздерінің шығарындыларын бақылау үшін практикалық сабақтарды өткізу кезінде пайдаланатын жабдықтарды көрсетті.

ПУ-4Э аспираторы, ПЭМ-4М, ДМЦ-01М газ анализаторы, НИИОГАЗ түтігі – қазандық агрегатының түтін газдарынан және шығарындылар көздерінен шығатын газдардан, сондай-ақ жұмыс аймағының ауасынан сынама алуға арналған негізгі жабдық. Жұмыс орындарын аттестаттау кезінде тиісті жабдықпен ауаның ылғалдылығын, температурасын, қозғалыс жылдамдығын анықтайды. Люксметр жұмыс орындарының жарықтандырылуын анықтайды, НФМ құрылғысы электр қондырғыларынан, электр жабдықтарынан электромагниттік және магниттік өрістерді анықтайды. Жабдықпен жұмыс істеу үшін кооператив қызметкерлері тиісті сертификаттарды ала отырып, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтеді.

Инженер-химик Валерия Немцева кафедра өкілдерін ауадағы, сулардағы (жерасты, ағынды сулар, ауыз су және жерүсті), топырақтағы, қар жамылғысындағы және өндіріс қалдықтарындағы зерттеудің химиялық әдістерімен таныстырды. Анықталған көрсеткіштерге сәйкес химиялық талдауда қолданылатын химиялық реактивтер көрсетілді. Талдау үшін қолданылатын әдістер МемСТ талаптарына сәйкес келеді. Бұндай зертханада трансформаторлық және турбиналық майлардың нормативтік құжаттарға сәйкес олардың техникалық шарттарға сәйкестігіне талдау жүргізіледі.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo