С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экология және география кафедрасының студенттері Мұғалімдер күніне арналған концерт дайындады.
Педагогтарға барлық курс өкілдерінен құттықтаулар айтылды, ал оқытушыларға мерекеге арналған сыйлықтар жылы лебіздермен және музыкамен көркемделді. Студенттер талантының түрлі қырларын, әсіресе бірінші курс студенттерінің ынталарын көру қуанышты болды, себебі бұл – олар үшін студент ретіндегі алғашқы Мұғалім күні.
Оқытушылар атынан Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы М. Мадияров, экология және география кафедрасының меңгерушісі Қ. Дакиева өз оқушыларын болашақ кәсіби мерекелері – Мұғалімдер күнімен құттықтап, табыс тіледі.
Экология және география кафедрасы