Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасында 4 білім беру бағдарламасы бойынша жобалық комитеттердің отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУа Экономика және басқару кафедрасының «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Туризм» білім беру бағдарламалары бойынша жобалық комитеттердің онлайн режимінде бірлескен отырысы өтті.

Жобалық комитеттің кезекті отырысының негізгі мақсаты жұмыс берушілер мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндер каталогы (ЭПК) мазмұнын өзектендіру бойынша ұсыныстар енгізу болып табылады.

Жобалық комитеттің отырысына Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі мен кафедра оқытушылары, білім алушылар, жұмыс берушілердің өкілдері (ШҚО талдау және болжау институты, ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Аграмашхолдинг KZ» АҚ, Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі, «Sanur Tour» туристік агенттігі, «Shanishkul-Tur» ЖШС, «Respect Partner» ЖШС, «Vostok-Moloko и K» сауда үйі ЖШС) қатысты.

Жобалық комитеттердің мүшелері білім беру бағдарламаларының элективті пәндер каталогын жобалау мен әзірлеуге бірлесіп қатысты және бірауыздан қабылданған шешіммен жаңа пәндерді енгізбей-ақ пәндер мазмұнын өзектендіруге дауыс берді. Бұл шешім өткен жылы 2020-2021 оқу жылына жаңа пәндердің 30%-дан астамы енгізілгендігімен негізделген.

Отырыс соңында Экономика және басқару кафедрасы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ержан Домалатов ББ менеджерлеріне элективті пәндер каталогында жұмыс берушілер өкілдерінің ұсыныстарына сәйкес түзетулер енгізуді тапсырды және 2021-2022 оқу жылына арналған силлабустардың (пәндер бағдарламаларының) мазмұнын өзектендіру бойынша ерекше назар аударды. Өз кезегінде, жұмыс берушілердің өкілдері жобалық комитеттің келесі отырысында пәндердің жаңартылған мазмұнымен танысуға ниет білдірді.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo