Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасында экономика негіздерінен олимпиада өтті

23 ақпанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экономика және құқық  факультетінің экономика және басқару кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында экономика негіздерінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға қала мен облыстың он екі мектебінен 53 оқушы қатысты.

Бірінші және екінші кезеңдердің нәтижесінде олимпиада жүлдегерлері анықталды:

Дипломдармен марапатталды:

 1орын - Серменов Санжар, Опытнопольская орта мектебі;

 2 орын - Запороженко Софья, №18 мектеп;  

 3 орын - Серикова Дина, №15 мектеп.

Номинация жулдегерлері болды:

«Үздік эссе» - Дементьева Юлия, Опытнопольская орта мектебі, Әділбекова Әсел, Георгиевка орта мектебі.

 «Есептерді үздік шешу» - Дынник Илья, Опытнопольская орта мектебі, Наурызгазина Дана, №45 мектеп.

 «Экономикадан тесттерді үздік шешу» - Казимуллаев Жандос,  № 32 мектеп, Мухаметханов Максат, Георгиевка орта мектебі.

Олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін келесі мектеп оқушылары марапатталды: № 33,15,18,7,32,38,3, 24, 16  және  Н.Крупская орта мектебі.

Кафедра оқытушылары мектеп оқушыларына экономикалық мамандықтар жайлы мәлімет берді.

Сонымен қатар  «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары дайындаған қала және облыс  мектептері мен гимназиялары мұғалімдеріне арналған «Білім экономикасы - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетілдірілуінің стратегиялық басымдылығы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Пікірлесу нәтижесінде білім экономикасы - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетілдірілу үшін  келесі ұсыныстар жасалды:

  1. Дамудың жаңа үрдісінің негізі әлеуметтік  экономика – өндірісі бәсекеге қабілетті, адами капитал басымдығы бар білім экономикасы болуы керек. Бұл Қазақстанда жаңа индустриализация жасаудың алғы шарттары болатын мемлекеттің жаңа экономикалық және ақша - несие саясатын білдіреді.
  2. Қазақстан Республикасында экономиканы ары қарай жандандыру экономикалық жүйедегі өсудің жаңа сапасына өтуді яғни, тұрғындардың өмір сапасын жоғарылату, барлық салалардағы кәсіпорындағы тиімді менеджмент стратегиясына көшу, білім сапасын арттыру және ішкі нарықтағы жоғары технологиялық мамандықтарды қолдауды талап етеді.
  3. Білім әлеуетінің жоғары деңгейі адамға экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени шеңберде шешім қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін жасау ретінде қарастырылады.
  4. Қазақстанда Ұлттық инновациялық жүйе мен аймақтық инновациялық кластерлерді қалыптастыру және дамыту - білім экономикасының институционалды негізі болып табылады.
  5. Білім экономикасын дамытудың жоғары деңгейі экономикалық жүйе және мемлекет біртұтастығын дамыту, ұлттық байлықты жоғарылатудың қажетті шарты.

Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқан мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

      Экономика және басқару кафедрасы

 

Қазақ
× You found a Typo