Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасында экономика негіздерінен олимпиада өтті

Экономика және құқық факультетінің экономика және басқару кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында экономика негіздерінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға қала мен облыс мектептерінің, гимназиялардың, лицейлердің оқушылары қатысты.

Бірінші және екінші кезеңдердің нәтижесінде олимпиада жүлдегерлері анықталып, дипломдармен марапатталды: 1 орын – Бердюгин Максим, Белоусовка орта мектебі; 2 орын – Сұңғатбекова Дина, №46 мектеп;  3 орын – Қуанышова Дина, №18 мектеп.

Номинация жүлдегерлері: «Үздік эссе» – Бердюгин Максим, Белоусовка орта мектебі, Бақытбекқызы Еркетаң, №46 мектеп. «Есептерді үздік шешу» – Яруллин Рафхат, Белоусовка орта мектебі, Сұңғатбекова Дина, №46 мектеп. «Экономикадан тесттерді үздік шешу» – Абдулкаримова Айдана, №16 мектеп, Ахметов Алдияр, №7 мектеп.

Кафедра оқытушылары мектеп оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізді.

Сонымен қатар, Экономика және басқару кафедрасының оқытушылары дайындаған қала және облыс мектептері мен гимназиялары мұғалімдеріне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртудағы  экономикалық ғылымның рөлі» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

«Қоғамдық сананы жаңғыртудағы экономикалық ғылымның рөлі» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар пікірлесу нәтижесінде келесі ұсыныстар жасады. Адам капиталын дамытудың басым бағыттары мен бәсекеге қабілетті өндірісі бар экономикалық ғылым – дамудың жаңа моделінің өзегі болуға тиіс. Бұл Қазақстанды жаңа индустрияландыру үшін алғышарттар жасайтын мемлекеттің өзге экономикалық және ақша-кредит саясатын болжайды. Экономикалық білім беру сапасын одан әрі арттыру бәсекеге қабілеттілікке, білім мәдениетіне, Қазақстанға ұлттық бірегейлікті сақтауға мүмкіндік береді. Экономикалық ғылымның жоғары деңгейі адам үшін әртүрлі салаларда – экономикалық, әлеуметтік, саяси немесе мәдени салаларда шешімдер қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік жасау ретінде қарастырылады. Экономикалық ғылымды дамыту қоғамдық сананы жаңғырту үшін қажетті шарт болып табылады.

Семинарға қатысушылар арасында студенттерді тәрбиелеу үдерісіндегі экономикалық білімнің маңызы туралы, жастардың бойында заманауи әлемдегі шынайы рухани бағдарлар мен шынайы құндылықтарды қалыптастыру міндетін шешудегі  жанды, конструктивті диалог өтті. Қатысқан мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.

Экономика және құқық факультеті

Қазақ
× You found a Typo