Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасында оқытуда жаңа технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныбы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Экономика және басқару кафедрасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқытуда жаңа технологияларды қолдану бойынша «Ғылым мен технология – біздің болашағымыз» шеберлік сыныбы өтті.

Модераторы – аға оқытушы А.С.Асубаева.

Онлайн режимінде келесі баяндамалар оқылды – «Студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері» (баяндамашы – Экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент М.А. Ордабаева), «Туризм білім алушыларын оқытуда жаңа технологияларды қолдану ерекшелігі» (баяндамашы – э.ғ.к., доцент Ғ.К. Қойшинова), «Қазіргі ғылымдағы инновациялар мен оқытудағы жаңа технологияларды білім алушыларға үйретудің алғышарттары» (баяндамашылар – ЭжҚФ деканының тәрбие жұмыс бойынша орынбасары А.С.Асубаева, «Менеджмент» ББ 1 курс білім алушысы А.Сәденов).

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Жас талап» ғылыми жобалар байқауы туралы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Сақтаева, «Менеджмент» мамандығының 3 курс студенті А. Айбеков ақпарат берді.

Шеберлік сыныбында кафедра меңгерушісі М.А.Ордабаева, оқытушылары Г.К.Қойшинова, А.А.Сақтаева экономика мамандығы бойынша студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына, ғылыми конференциялар мен сайыстарға қатысуға шақырды.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo