Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасында ШҚО мектеп мұғалімдеріне арналған цифрландыру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Экономика және басқару кафедрасының оқытушылары «Білім берудің цифрлануы: мәселелері мен болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қала және облыс мектептерінің мұғалімдері, экономика және басқару кафедрасының оқытушылары қатысты.

Экономика және басқару кафедрасының доценті, э.ғ.к. А. Сақтаева және аға оқытушысы А. Байғожинова ғылыми-әдістемелік семинардың модераторы болды.

Ғылыми-әдістемелік семинарды өткізудің мақсаты – жаңа экономиканы дамыту жағдайында білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелерін шешу тәсілдерін әзірлеу.

Ғылыми-әдістемелік семинар барысында Экономика және басқару кафедрасының доценттері Г.К. Қойшинова «Сандық экономика жағдайында туризм мамандарын даярлау процесін оңтайландыру», А.А. Сақтаева «Экономиканы цифрландырудың әлемдік тәжірибесі», Е.С. Ситникова «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктері», «Inn&Science Asia» білім беру орталығының директоры А.Е. Икенова «Білім беру саласындағы қашықтықтан оқыту технологияларының рөлі» («Inn&Science Asia» ҒБО мысалында) баяндамаларын жасады.

Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар арасында кәсіби білім беруді цифрландырудың өзекті үрдістері туралы нақты, сындарлы диалог өтті. Қазіргі білім беруде цифрлық ортаны құруға байланысты қауіптерді төмендетпей, семинарға қатысушылар оны енгізу пайдасына дәлелдер келтірді және мүмкіндіктерге оң көзқарас ұстанымын қорғады.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo