1 қыркүйекте экономика және басқару кафедрасы «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Туризм» мамандықтарының 1 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Е. Домалатов 1 курс студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, университет қабырғасындағы қашықтан оқыту мен ШҚУ білім беру порталдарындағы жұмыстың негізгі айырмашылықтарын түсіндірді.
Деканның тәрбие жөніндегі орынбасары А. Асубаева мен ЖІК-тің төрағасы А. Құрманбекова білім беру порталдарындағы жұмыстар жайлы және порталдан мұғалім таңдау бойынша студенттерге шеберлік сыныбын өткізді.
Экономика және басқару кафедрасы