Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасының оқытушылары республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысына қатысты

16-сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатысуымен Нархоз университеті жанындағы «Бизнес және басқару» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелеріне арналған республикалық ОӘБ-нің кеңейтілген отырысы онлайн форматта өтті.

Отырысқа С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дан экономика және басқару кафедрасы жобалық комитетінің мүшелері Т.А. Абылайханова, А.А. Сақтаева, Е.С. Ситникова, Г.В. Галяпина, Л.М. Ахметова, Е.Б. Домалатов қатысты. Отырысқа «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыты бойынша Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 200-ден астам өкіл қатысты.

Отырыста жоғары оқу орындары қызметінің басымдығы ретінде білім беру бағдарламаларының сапасы, бизнес-бағдарлама мен оның түлектерінің жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі, бизнес-білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесі), оқыту нәтижелерін қалыптастырудың жалпы тәсілдері (Нархоз университетінің тәжірибесі), халықаралық тәсілдер негізінде PhD бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, білім беру бағдарламаларының ұлттық тізілімі – жобалау және жаңарту мәселелері қаралды.

Экономика және басқару кафедрасының жобалық комитеті республикалық отырыс аяқталған соң, онлайн форматта республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі мүшелерінің ұсынымдарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша талқылау жүргізді.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo