Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және басқару кафедрасының оқытушысы online форматында ашық сабақ өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Ержан Домалатов «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-курс студенттерімен ZOOM платформасында ашық онлайн-дәріс өткізді.

Онлайн-дәріс «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу» пәні бойынша «Кәсіпкерлік тәуекелдер» тақырыбында өтті.

Ашық онлайн-дәріске экономика және құқық факультетінің оқытушылары, білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің бастығы С. Оразова және техн.ғ.к., МҮжәнеКТ кафедрасының меңгерушісі Ж. Жантасова қатысты.

– Оқытушы мен студенттердің қолдарында дәріс сабағының жоспары бар, тақырып пән бағдарламасына (Sillabus) сәйкес келеді. Сабақтың құрылымы ойластырылған, уақыт бойынша дәйекті және мөлшерленген, мазмұны мен қойылған мақсатына сәйкес келеді. Оқытушы материалды еркін меңгерген, түсінікті, әдеби тілмен баяндайды. Сабақта студенттердің материалды меңгеруін ынталандыру, жандандыру және қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды, – деп баға берді сабаққа экономика және басқару кафедрасының меңгерушісі Т. Абылайханова.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo