Академиялық мәселелер жөніндегі проректор және Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры 2020-2021 оқу жылының 2-ші семестрінде Экономика және құқық факультетінің 1 курс білім алушыларымен оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру тәртібін түсіндіру бойынша кезекті онлайн кездесулер өткізді.
Экономика және құқық факультетінде кестеге сәйкес студенттерді оқытудың аралас форматы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша білім алушылармен кездесулер өткізілді.
Аталған іс-шара аясында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Е. Досым және Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова 2020-2021 оқу жылының 2-ші семестрінде коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында аралас форматта оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптар кешенін атап өтті.
Кездесуге Экономика және құқық факультетінің білім алушылары, факультет деканатының қызметкерлері және топ кураторлары қатысты.
Экономика және құқық факультетінің деканаты