Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және құқық факультетінде «Адалдық сағаты» өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Экономика және құқық факультетінде «Адалдық сағаты» өткізілді.

Қоғамның дамуы үшін адалдықтың белгілі бір қағидаттарын ұстану қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Экономика және құқық факультетінде қоғамдық мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын қамтамасыз ету ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» өткізілді.

– Біздің мақсатымыз – сіздердің саналарыңызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оның ішінде заңнама нормаларын сақтауға ұмтылысты қалыптастыру, сіздердің білім беру және мәдени деңгейлеріңізді арттыру. Экономика және құқық факультетінде оқып жүргеніңіз, сіздің кәсіби қызығушылықтарыңыз сізді қазіргі жастар арасында осы принциптер мен нормаларды сақтауға және насихаттауға екі есе міндеттейді. Біздің факультет сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады және біз ректор М.Ә.Төлегеннің осы бағыттағы басты бастамаларын іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек, – деп атап өтті факультет деканы А.Г. Мұхамедиева студенттерге арнаған сөзінде.

«Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесінің жетекшісі, з.ғ.к., доцент Г.Т. Байыркенова өз сөзінде білім беру процесінің қатысушысы ретінде студенттің академиялық адалдығы, парасаттылығы мен этикалық нормаларының маңызды сәттерін қозғады.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады және нақты нәтижеге – жеке тұлғаның қоғамдағы мінез-құлық нормаларын міндетті түрде орындауына бағытталған реттеуші сипатқа ие, бұл шын мәнінде әрқайсыңыздың адамгершілік ұстанымыңыз болып табылады, – деп атап өтті ол.

Іс-шара аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті У. Косимова білім беру процесіне қатысушылардың моральдық-этикалық нормалары бойынша қызықты баяндама ұсынды, оның барысында қазақстандық қоғам мен мемлекеттің жалпыға танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген моральдық нормалар, міндеттемелер мен адал мінез-құлық талаптары жүйесінің негізгі компоненттері ұсынылды.

Іс-шара өте мазмұнды болды, ұсыныстар мен талқылаулары бар белсенді пікірталас форматында өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo