Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және құқық факультетінде Ашық есік күні өтті

18 қарашада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Экономика және құқық факультеті бакалавриатының дәстүрлі Ашық есік күні өтті.

Шығыс Қазақстан облысының қалалық және аудандық мектеп оқушыларына факультеттің барлық білім беру бағдарламалары ұсынылды. Болашақ талапкерлер білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша, ЖОО-ға қабылдау және түсу мәселелері бойынша, әрбір білім беру бағдарламаларының ерекшелігі мен бірегейлігі бойынша пайдалы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара онлайн форматта өткізілгеніне қарамастан, әлеуетті талапкерлерге факультеттің негізгі функционалдық аймақтарымен танысуға мүмкіндік берілді: кітапханалар, мамандандырылған кабинеттер, дәріс аудиториялары, криминалистикалық орталық, фитнес-зал, жайлы жатақханалар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізілетін орындар.

Кездесу барысында мамандық таңдаудың, ЖОО мен факультетті таңдаудың қиындығы; факультет бакалвриатының білім беру бағдарламаларында оқытудың ерекшеліктері; сапалы заң және экономикалық білім беру перспективалары және ЖОО міндеттері; білім алушылардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мүмкіндіктеріне қатысты түрлі мәселелер қозғалды.

Оқушыларды қабылдау барысында ЖОО дипломдарын шетелде тану, тілдерді оқыту мүмкіндіктері, жеңілдіктер, жергілікті атқарушы органдар есебінен республикалық білім гранттары мен гранттарды алу мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойылды.

Оқушылардың белсенділігі, олардың көбірек ақпарат алуға деген ынтасы олардың университетке түсуге деген қызығушылығын көрсетті және осы форматтағы іс-шаралардың қажет екендігін растайды.

Экономика және құқық факультетінің деканаты,

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo