- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
25 қарашада С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экономика және құқық факультетінің экономика және басқару кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында экономика негіздерінен олимпиада өткізді. Олимпиадаға он алты мектептен 70 оқушы қатысты.
Бірінші және екінші кезеңдердің нәтижесінде олимпиада жүлдегерлері анықталды:
Гран-при – «Экономика» мамандығы бойынша оқу жылының бірінші жылына университет гранты» - № 19 орта мектептің 11сынып оқушысы Албаев Даулетке берілді.
Дипломдармен марапатталды:
1орын - Кумарбеков Жандос, Қ.Нурғалиев атындағы №43 мектеп;
2 орын - Егорова Анастасия, №2 гимназия;
3 орын - Гончаренко Никита, №34 мектеп –лицей.
Номинация жулдегерлері болды:
«Үздік эссе» - Кучурина А.В., №34 мектеп - лицей, Торғайбек Ерболат, Бобровка орта мектебі.
«Есептерді үздік шешу» - Денисова В.Д., №34 мектеп - лицей, Турсынханова Гулнур, Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп – лицей.
«Экономикадан тесттерді үздік шешу» - Медведева А.С., «Бриг» мектебі, Сергалиева А.Б., №46 орта мектебі.
Сонымен қатар «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары дайындаған қала мектептері мен гимназиялары мұғалімдеріне арналған «Білім берудің және басқару, экономиканың өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Пікірлесу нәтижесінде мектептерде экономикалық пәндерді оқытуда интерактивті әдістерді қолдануды белсендіру және экономиканы тереңдетіп оқытуға бірлесіп жұмыс жасау бағытында келесідей ұсыныстар жасалды: оқушылардың ғылыми және шығармашылық потенциалын дамытуға, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларының жетекшілігімен олардың ғылыми жобаларға қатысуларына жағдай жасау; кафедра оқытушылары мен мектеп мұғалімдері бірлесіп экономика бойынша оқушыларға арналған оқу-әдістемелік құралдар және электронды кітаптар дайындау.
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқан мұғалімдерге сертификаттар тапсырылды.
Экономика және құқық факультеті