Экономика және құқық факультетінде 2020-2021 оқу жылының 2-ші семестріндегі оқу форматы мәселелері бойынша студенттермен кезекті онлайн кездесулер өткізілді.
Экономика және құқық факультетінде кестеге сәйкес 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде оқыту форматын түсіндіру бойынша 1-4 курс білім алушыларымен кездесулер өткізілді.
Осы іс-шаралар шеңберінде ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 24.12.2020 жылғы шешімінің негізгі тармақтары айтылды.
Кездесуге экономика және құқық факультетінің білім алушылары, факультет деканатының қызметкерлері, топ кураторлары мен оқытушылар қатысты.
Экономика және құқық факультетінің деканаты