С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1 курс студенттері «Толеранттылық – үйлесімді өзара қарым-қатынас негізі» ашық кураторлық сағатын өткізді.
Кураторлық сағатқа кафедраның аға оқытушылары Л. Жакибаева, Г. Ноғайбаева, А. Бакербекова, туризм, есеп және аудит мамандықтарының студенттері қатысты.
Сағатта екі сұрақ қаралды – қысқы емтихандық сессия қорытындысы, толеранттылық.
Бірінші сұрақ бойынша куратор Е. Домалатов қорытынды жасады. 1 семестрде студенттердің үлгерімі 100% құрады. Сондай-ақ, босатылған білім беру грантын иелену бойынша конкурста жеңген Әнел Сәдуақасованы құттықтады.
Толеранттылық – бүгінгі таңда Қазақстан үшін аса өзекті тақырып. Себебі елімізді түрлі наным-сенімі бар 130-дан аса ұлт мекен етеді. Ал олардың тату-тәтті өмір сүруі еліміздің өркендеуімен тығыз байланысты. Осы орайда студенттер толеранттылық туралы жинақтаған мәлімет пен қызықты фактілерді баяндап, кураторлық сағатқа келген студенттер мен оқытушыларға Қазақстанда тұратын халықтар туралы сұрақ-жауап ойынын өткізді. Сондай-ақ, кураторлық сағат соңында теология докторы, Мәскеу рухани академиясының профессоры Алексей Осиповтың онлайн дәрісі тыңдалды.
мемлекеттік және жергілікті басқару
мамандығының 1-курс студенттері,
топ кураторы Е. Домалатов