Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттері арасында викторина ойыны өткізілді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Құқықтану», «Мемлекеттік аудит» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында  Қазақстанның әлемдік бастамалары туралы викторина ойыны өтті.

Викторинаға Экономика және құқық факультеті деканының тәрбие жөніндегі орынбасары А.С. Асубаева қатысты.

Ойынды Экономика және құқық факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Аружан Құрманбекова, орынбасары Назерке Дубраева және комитет мүшелері Мейір Нәбікенов, Дана Алданбаева, Аружан Құлымжанова ұйымдастырып, қазылар алқасы болды.

Сондай-ақ, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 2 курс студенттері көрермен болып, ойынға өз бағаларын берді. Ойынға «Пламя», «Болашақ», «Тұлпар», «Бірлік», «Қыран» топтары қатысты. Барлық студенттер өз білімдерін көрсетуге тырысты.

Бірінші кезеңде ел тарихына байланысты, екінші, үшінші кезеңдерде Қазақстанның 30 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, саяси, мәдени жағдайы туралы сұрақтар қойылды.

3 орынды «Қыран», «Тұлпар» топтары, 2 орынды «Болашақ», «Бірлік» топтары, ал 1 орынды «Пламя» командасы алды.

Экономика және құқық  факультеті

Қазақ
× You found a Typo