Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Экономика жəне құқық факультетінің 25 жылдық мерей тойы

Сәуір айының 17 күні  С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика жəне құқық факультеті 25 жылдықтарын атап өтті.

1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді және Қазақстандағы үшінші унверситет тәуелсіз мемлекеттің құрдасы болды. Сол сәттен бастап алғашқы құрамы Экономика жəне құқық факультеті  болды. 25 жыл  тарихы бар бұл факультеттің ыстығымен суығына төзіп, талай белестерді бағындырып келе жатқан  бір қатар ұстаздарда өз тілектерін білдірді.
- Қымбатты студенттер, əріптестер, қонақтар. Бəріңізді бүгінгі мерей тоймен құттықтаймын. Сіздерге толейтінім зор денсаулық, жолдарыныз ашық болсын. Біз 1991 жылы факультет жұмысын бастадық. Сол 25 жыл  ішінде  талай белестерді бағындырдық. Оның себепшісі талай түлектер мен ұстаздар болды. Айтып кеткендей өте қиын кезең болды. Алғаш факультетті ашқанда арнайы кітаптарда болмады. Сондай-ақ, ең басты мәселеміз материалдық жағы болды. Сол кездегі студенттердің ата-аналарына жəне ұстаздарға алғысым шексіз, - деді экономика жəне басқару кафедрасының профессоры Тоқтар Анкиевич.
Мерейлі тойда студенттердің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар мен спектакльдер қойылды. Аталып өткен мерей тойға факультет түлектеріде келіп құттықтау айтып, алғыстарын білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo