Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ел бірлігін сақтаған татулықты айт... »: айтыскер ақын Б.Имашевпен кездесу

11 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы кітапханада «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» кітабының тұсаукесері өтті. Кездесуге «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаштың өзі қатысты. Жаңа кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170-жылдық мерейтойына арналған.

Айтыскер ақын – уақыт жыршысы, ізгілік жаршысы. Қоғамдағы айтулы оқиғалар мен жаңалықтар, жетістіктер мен әттегенайлар ақын назарынан тыс қалған жоқ. Жаңа жинаққа Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев, Серікзат Дүйсенғазин, Ринат Зайытов, Айгүл Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысқызы сынды үздік 25 ақынның Тәуелсіздік, Елдік, Бірлік, Иман, Тіл мен Руханият, Елбасы мен Елорда туралы айтқан айшықты шумақтары енгізілген.

Кездесуді филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков жүргізіп, айтыскер ақынның шығармашылық жолын әңгімеледі. Көпшілік қауым назарына жалпы айтыс өнері, Балғынбек Имаштың шығармашылық жолы туралы «Айтыс өнерінің жүйрігі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Презентацияға айтыскер ақындар, жазушылар,  әдебиетшілер, студенттер, оқушылар, кітапхана оқырмандары қатысты.

Сонымен қатар, ШҚМУ проректоры Б.А. Ердембеков ақынға өзінің кітабын, ал біліктілікті растау орталығының директоры Б.Б.Келгембаева ақынға гүл сыйлады.

Кітап тұсаукесеріне ақынның қатысуы жиынға ерекше рең беріп, ұмытылмастай әсер қалдырды. Жиналған қауым айтыс өнері жүйрігінің тағылымды әңгімелері мен әндерін тыңдап, қазіргі айтыстың ахуалы, жай-күйі жөнінде сұрақтарын қойып, ақынмен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында осындай елге танымал ақындардың сүзгіден өткен сындарлы сөздері жастарды ана тілін құрметтеу, елі мен жерін қорғау, ел тәуелсіздігі мен елбасына адалдық тәрізді патриоттық сезімдерге баулып тәрбиелейді.

Қазақ
× You found a Typo