Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ел Президенті індетен күресудің және елді дамытудың жаңа амал-тәсілдерін айқындап берді

27-сәуірде ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев коронавирустық инфекция жағдайына қатысты мәлімдеме жасап, жаңа карантиндік шаралар бойынша амал-тәсілдерді белгіледі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-қимылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды, пандемия геометриялық прогрессия түрінде өсіп жатқан жоқ.

Төтенше жағдайдың енгізілуі – бұл мемлекеттің ел халқына барынша қолдау көрсететінін түсінуді талап ететін ерекше шара.

Мемлекет басшысының аз қамтылғандарға, жетімдерге, зейнеткерлерге көмек көрсету туралы үндеуін қолдай отырып, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ төтенше жағдай кезінде мұқтаж студенттер мен зейнеткерлерге азық-түлік жиынтықтары түріндегі әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетіп келеді.

Университеттегі Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті шеберханасының базасында көпреттік қорғаныш бетперделерін тігу, ал Ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханада антисептиктер өндіру жолға қойылған.

Біз, «Nur Otan» партиясының мүшелері ретінде дүкендердегі бағаларды, көшелер мен алаңдардың және өзге де көпшілік орындардың санитарлық тазартылуын бақылау бойынша жүйелі әрі мақсатты жұмыстар жүргізудеміз.

Университет еріктілері күнделікті мұқтаж адамдарға көмектеседі.

Біз ел Президентінің барлық қиындықтар мен мәселелерді біріге отырып жеңе аламыз деген сөздерімен толық келісеміз!

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры,

профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo