Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ел Президентінің Жолдауын іске асыру: цифрландыру және үздіксіз білім беру

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қызметтің барлық саласындағы, оның ішінде білім беру саласындағы жаңа, стратегиялық бағыттарды айқындап берді.

«Азаматтардың сауаттылық деңгейін, олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», – деді ел Президенті.

Қоғамда өсіп келе жатқан жеделдету мәселесіне жауап бере алатын білім беру жүйесіне деген қажеттілік артып келеді. ХХІ ғасырда білім беру статикалық жүйе бола алмайды. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын алғаш рет ЮНЕСКО форумында (1965 жылы) ірі теоретик П. Ленгранд ұсынды, ол адамның қабілеттерін өмір бойы толық дамыту үшін жағдай жасалуы керек деп санады. Бұл тұжырымдамада адамның оқу, еңбек және кәсіби қызметі сынды дәстүрлі бөлінген өмір кезеңдері жаңаша қарастырылды. Осылайша түсінілген үздіксіз білім өмір бойы жалғасып келе жатқан процесті білдіре бастады, онда адам тұлғасының жеке әрі әлеуметтік аспектілерін және оның қызметін интеграциялау маңызды рөл атқарды.

Елімізде 1990-2000 жылдары үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы қарқынды дамыды және бүгін біз білім беру парадигмасының цифрлық форматқа ауысуы бүкіл қазақстандық қоғам үшін «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасын жаңа цифрлық форматқа жаңғыртуға жаңа серпін беріп, осы процеске Қазақстанның барлық азаматтарын кеңінен тартатынына куә болып отырмыз.

Үздіксіз білім беру – бұл «уақыттан қалмау» қажеттілігінен, қазіргі кәсіби, әлеуметтік ортада сұранысқа ие болуға және жаңа жағдайларға, жаңа кәсіптердің, жаңа техниканың пайда болуына, жаңа индустрияға тез бейімделуге деген ұмтылыстан туындаған адамның білімін, дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру.

Президенттің жаңа Жолдауында «Цифрландыру – бұл сәнді үрдіске еліктеу емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы» деп атап өтілген.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру ІТ-құзыреттіліктерге ие кәсіби кадрларды талап етеді. Педагогикада жақында «цифрлық педагогика» термині пайда болды және бұл ұғым «онлайн оқыту» деген сөзбен мағыналас емес. Сандық педагогика – бұл білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін әртүрлі цифрлық технологияларды қамтитын педагогикалық процесс.

IT-технологияларды дамыту саласы біздің оқу орнымыздың даму тұжырымдамасында да басым бағыт болып табылады. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде осы бағытқа көп көңіл бөлінеді, заманауи сандық жабдықтармен жарақталған жаңа зертханалар мен оқу дәрісханалары ашылуда. Мұның бәрі біздің студенттерге сапалы білім алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Мәселен, жаңа оқу жылының басында, 2 қыркүйекте оқу орнымызда цифрлық педагогика зертханасы ашылды, оны құрудағы мақсат – қазіргі заманғы IT-құзыреттіліктерге ие заманауи білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрларды даярлау және оқытудың қосымша формаларын іске асырудың тиімді тетігін қамтамасыз ету.

Цифрлық педагогика зертханасында оқыту цифрлық білім беру ресурстары, білім берудегі қашықтан оқыту технологиялары, онлайн-оқыту, цифрлық білім беру ортасы, компьютерлік технологиялар және т.б. бағыттар бойынша жүргізілетін болады.

Цифрлық педагогика зертханасының мүмкіндіктері төмендегідей – жұмыс істеуге арналған жаңа IT-платформалар, ресурстар жиынтығы: білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып дайындалған бейнедәрістер, бейнеконсультациялар, талапкерге тест тапсыруға мүмкіндік беретін «Дайын ҰБТ» тренажері, университеттің электрондық кітапханасының әдебиетін жеке сайтпен және электрондық ресурстармен – электрондық кітаптармен, аудиожазбалармен және мультимедиялық оқулықтардың платформаларымен пайдалану. Оқулықтың қажетті бөлігін бір минутта табуға болады, ал студенттерге күніне 24 сағат, әлемнің кез келген жерінде электронды кітап арқылы білімге қол жеткізуге болады.

Шығыс Қазақстан университеті үй шаруасындағы әйелдерден бастап жоғары оқу орындарының оқытушыларына дейінгі азаматтардың барлық санаттары үшін курстық дайындық жүргізді, осылаййша болашаққа есік ашып, алға қадам басты.

Біздің университетте «Цифрлық педагогика» жобаларының бірі «Жайлау» ЭЕМ «логопедиялық тренажер» компьютерлік бағдарламасы болды. Бағдарламаны университеттің жас ғалымдары – «Дефектология» және «Информатика» білім беру бағдарламаларының магистранттары әзірледі. «Логопедиялық тренажер» практикалық қолдану – мультипликация элементтері мен әдемі балалар суреттері бар, әр балаға түсінікті сюжеттер мен қарапайым ережелерден тұратын оқыту ойындарын жүргізу, ол балалардың сөйлеуін дұрыс, айқын, әдемі және мәнерлі етеді. Авторлық құқық куәлігі бар бағдарлама логопедтік пәндер бойынша оқу процесінде, сондай-ақ Өскемен қаласындағы логопедтердің жұмысы үшін психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде сәтті қолданылуда. Бағдарламаны барлық ата-аналар да пайдалана алады.

«Цифрлық университет» бағдарламасына көшу – «С. Аманжолов атындағы ШҚУ қызметінің Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес басты бір бағыты.

Қазіргі уақытта университет сайтында бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасы құрылды. «ААЖ» ақпараттық-бағдарламалық кешенінің базасында диплом алғанға дейін бүкіл оқу кезеңінде студенттерді академиялық сүйемелдеу жүзеге асырылады.

Университет кітапханасы қашықтан оқыту жағдайында жұмыстың жаңа форматын ұсынады. Кітапхананың барлық электрондық ресурстары тәулік бойы Интернет арқылы қолжетімді.

3 мыңнан астам электрондық оқулықтар мен оқу құралдары университетінің студенттері мен оқытушыларына қолжетімді болды, электрондық кітапхана «Эверо» баспасының баспа өнімдерінің толық мәтінді электрондық нұсқаларын ұсынды.

Сонымен қатар, «ЭЛАР» сканерінің көмегімен біз барлық студенттерге қолжетімді құжаттардың нұсқаларын, сондай-ақ 1 курс студенттеріне арналған оқулықтарды цифрладық. Университеттің Ғылыми кітапханасы да әлемдік ғылыми қауымдастық үшін ашық болған ғалымдарымыздың электронды еңбектерінің репозиторийін құрай бастады.

«Кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындауға күш салынады. Сондықтан «кәсіпкерлік негіздері» пәні білім берудің барлық деңгейінде – мектептерден жоғары оқу орындарына дейін оқытылуы тиіс», – деп атап өтті ел Президенті.

Біздің жоғары оқу орнымыздың осы бағыттағы озық іс-тәжірибесімен бөліскім келеді.

Біздің университетте кәсіпкерлік негіздері бойынша бүгінде 11 пән оқытылады, барлық білім беру бағдарламаларында кәсіпкерлік негіздері бойынша пәндер оқылады. Бұлар – «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», «Кәсіпорын экономикасы», «Инновациялық экономика», «Кәсіпкерлік», «Кәсіпорындағы бизнес-жоспарлау», «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі», «Кәсіпорындағы тәуекелдер», «Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері», «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу», «Мемлекет және бизнес».

Сонымен қатар, 2019-2020 оқу жылының 1-ші семестрінде жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтардың білім алушыларына арналған курстар оқытылды.

Пәнді оқу нәтижелері бойынша 129 жеке және ұжымдық бизнес-жоба қорғалды. Экономика және құқық факультетінің 12 оқытушысы «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

М. Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры

Қазақ
× You found a Typo