Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Елбасы Ұлы дала тарихын зерттеудің маңызын негіздеді

  Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған бағдарламасын ұсынды.

Н. Назарбаев Ұлы даланың күрделі де алуан түрлі оқиғаларға бай тарихын зерттеудің әрқайсымыз үшін маңызды екенін нақты тұжырымдармен айқындап отыр. Тарихи сабақтастықтың өзі осы жерде түркі өркениетінің қалыптасып, оның жалпы адамзаттық тарихи-мәдени мұрада маңызды орын алуына ықпал етті.

Тарихта тұлға ретінде маңызды рөл атқарған ақындар мен ойшылдар, батырлар мен еңбек ардагерлері – жеріміздің негізгі байлығы. Дала халықты жаудан сақтаса, халық оған шексіз сүйіспеншілікпен жауап беріп, оны әндерінде мәңгі сақтаған. Ақындық дала фольклорында маңызды орын алып, бірегей дүниетанымда көрініс тапты.

Біздің парызымыз – өткенді жадымызда сақтап қана қоймай, сонымен қатар, дала өркениеті бейнесінің бірегейлігі мен ерекшелігін қалыптастыру үшін ежелгі дәстүрлердің бүгінгі өзектілігін арттырып, өнер мен ғылымның қазіргі жетістіктерін қолдану.

М. Төлеген,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры

Қазақ
× You found a Typo