Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Елбасының Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция хақындағы біздің жүріс-тұрысымыздың айнымас қағидасына айналуы тиіс

Ағымдағы  жылдың 10 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқының назарына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты өзінің кезекті Жолдауын ұсынды.

Мемлекет дамуының он басым бағытын айқындаған Жолдау өткеннің тәжірибесін елеп-ескере отырып, жаңа кезеңге нық қадам басудың алғышарттарын белгілеп берді.

Осылайша, әлемдегі төртінші ядролық соғыстан бас тартқан Қазақстан төртінші өнеркәсіптік төңкеріске бет бұрды.

Бейбітшіліктің нышанына айналған, толеранттылықтың туын көтерген еліміз 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етіп отырған маңызды тұста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кездесетін қиындықтарға қарамастан, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатынан тайынбай, жаңа әлемде әрекет етудің ережелерін ұсынды деп білемін.

Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция хақындағы біздің жүріс-тұрысымыздың айнымас қағидасына, ұзақ мерзімді мақсаттарымызға жету жолындағы тұсбағдарымызға айналуы тиіс.

Уақыт өткен сайын қояр талабы да өзгеретін жаңа әлемде бітім-болмысын сақтай отырып, тарихын болашақпен ұштастыра білетін тұтас қазақстандық халық ретінде алдыңғы қатардан орын алу үшін ұрпақ білімді болуы тиіс. Ал ол өз кезегінде берілетін білімді жаңа тәртіпке негіздеу және сапасын арттыру, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жаңа деңгейге көтеруге тікелей тәуелді.

Бұған Елбасының педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажеттілігі туралы айтқан сөзі дәлел. Бұл тұрғыдан алғанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында құрылған бірінші педагогикалық жоғары оқу орны ретінде Жолдаудың жетінші бағытын жүзеге асыру міндеті, ең әуелі, біздің арқалар жауапкершілік жүгіміз деп санаймын. Ендігі кезекте классикалық атанған біздің университетті Smart университетке айналдыру қажет. Ғылымға бәйек болып жүрген оқытушылардың бұл тұста атқарар жұмысы маңызды болмақ.

 «Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек» - деді Елбасы өз Жолдауында. Осы тұста мектеп қабырғасынан бастап ғылымға құлшыныс танытқан жастардың сұранысын қанағаттандыру, білімдерін барынша тереңдету, ғылым шыңына жету жолында жаңа баспалдақ ұсына білу, олардың жас ғалым ретінде деңгейлерін арттыру  Қазақстандағы жоғары мектептердің алдындағы міндет деп түсінемін.  Жоғары оқу орындары енді еңбек нарығына қарапайым маман даярлау ісіне ғана емес, өзгерістер кезеңіне бейімделе отырып, білім игерудің жаңа көздерін аша алатын жастарды тәрбиелеуге де үлкен көңіл бөлуі тиіс.

Президентіміз «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді» - деді. Тас ғасырынан бастап ақпарат ғасырына дейін тарихын әуелі қышқа, кейін қағазға, енді жаңа технологиялардың көмегімен компьютер бетіне жазып келе жатқан адам баласының қажеттіліктерін қанағаттандыру да күн тәртібінен түспейтін сұрақтардың бірі.

Оларды өтеудің жаңа жолдарын іздестіру шарт. Жауабы жасырынған бұл сауал  ғылымның тұтқасын ұстаған жастарға қойылары хақ. Бұл орайда жоғары оқу орындарының басты рөлдердің бірін сомдайтынын жаңғыруға ұмтылған санамыздан шығармасақ деген ниет білдіремін.   

А.МЫРЗАҒАЛИЕВА, биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

Қазақ
× You found a Typo