- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Желтоқсанның 1 күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған танымдық іс-шара өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты жастардың патриоттық сезімін арттыру.
Шараға барша студенттеріміз белсенді түрде ат салысты. Өз өнерлерін көрсетіп, мынадай номинацияларды жеңіп алды:
"Үздік бейнелеу өнері" номинациясын 3 студенттер үйі жеңіп алса,
"Үздік мақала" номинациясын журналистика мамандығының 2 курс студенті Саинов Ерсанат,ал "Үздік көркем сөз" номенациясын Қазақ тілі мен әдебиет мамандығынын 1 курс студенті Жұмабаев Жүрсін жеңіп алды. Басқа да белсенді қатысушылар алғыс xаттармен марапатталды. Шара барысында презентация мен Президентімізге арналған видео роликтар көрсетілді.
Оқу ордамызда осындай танымдық іс-шаралар көп бола берсін дейміз. Уақыт бөліп келген барша көрермендерімізге алғыс білдіреміз.
Ильяс Інжу, Жастар ісі жөніңдегі комитетінің хатшысы