- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
20 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 2 курс студенттерінің куратор Айымгүл Қамзақызының ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Тұғыш Президентім» танымдық-тағылымдық мақсаттағы онлайн кураторлық сағаты өтті.
Кураторлық сағат барысында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен мемлекет үшін жасаған ерен еңбегі сөз етіліп, тәуелсіздігіміздің тарихи белестері бейнебаян, слайдтар арқылы әсерлі сипатталды.
Соңында студенттер шараның тәрбиелік, танымдық мәні зор болуымен қатар, Тұңғыш Президентке деген құрметтің еселене түскені жайында ойларын ортаға салып, ыстық лебіздерімен бөлісті.
Ұлпан Қанатова