Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Елімізде жаңа мереке – Абай күні аталып өтуде

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді, 10 тамыз республикада Абай күні деп жарияланды.

1845 жылдың 10 тамызында Шығыс Қазақстандағы Жидебай шатқалында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай (Ибрагим) Құнанбаев дүниеге келді.

Абай күні Қазақстанда онлайн-форматта атап өтілмек.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы «Хакім Абай» бағдарламасын әзірлеп отыр, ал еліміздің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері әр өңірде Абайдың шығармаларын оқитын болады. 

Еске салар болсақ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Абай атындағы стипендия тағайындалған, сонымен қатар даңқты ғылым және өнер қайраткерлеріне Абай атындағы медаль тапсырылып тұрады.

Өткен жылы С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жидебайда 70-тен астам оқытушы мен студент қатысқан «Абай еліне тағзым» форумын ұйымдастырып, өткізді. Сонымен қатар, университет делегациясы Абай мұражай-үйі мен «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болды.

Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы «Абай DIGITAL» (abai.vkgu.kz) интернет-ресурсын жұртшылық назарына ұсынады. Абайдың 175 жылдығына орай ШҚУ-да жасалған «Абай DIGITAL» интернет-ресурсы мобильді құрылғыларда қолжетімді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo