Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Еліміздегі жоғары оқу орындары студенттері арасында VIII қысқы Универсиада өтеді

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы VIII қысқы Универсиада 24 ақпан мен 20 наурыз аралығында Алматы, Өскемен, Риддерде өтеді.

Сайыстар спорттың 5 түрінен өтеді: қысқы президенттік көпсайыс, керлинг, қысқы спорттық бағдарлау, биатлон, шаңғы жарысы.

Президенттік көпсайыс Өскеменде 24-28 ақпанда, спорттық бағдарлау, биатлон, шаңғы жарысы Риддерде 4-20 наурызда, керлинг Алматыда 26 ақпаннан 7 наурызға дейін өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы – білім және ғылым вице-министрі М. Дәуленов. Комитет мүшелерінің қатарында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген бар.

Баспасөз қызметі

VIII қысқы Қазақстан Универсиадасының  БАҒДАРЛАМАСЫ

Спорт түрлері

Команда құрамы

Өткізілу орны мен уақыты

барлығы

ерлер

әйелдер

жаттықтырушылар

төрешілер

өкілдер

күні

қала

1

Қысқы президенттік көпсайыс (е.,ә)

12

4

4

2

1

1

20-24 ақпан

Өскемен қ.

2

Керлинг(е.,ә)

14

5

5

2

1

1

26 ақпан-

7 наурыз

Алматы қ.

3

Қысқы спорттық бағдарлау  (е.,ә)

12

4

4

2

1

1

4-9 наурыз

Риддер қ.

4

Биатлон (е.,ә)

12

4

4

2

1

1

14-20 наурыз

Риддер қ.

5

Шаңғы жарысы (е.,ә)

14

5

5

2

1

1

14-20 наурыз

Риддер қ.

Ескерту: -15.03.20 ж. –Риддер қаласы, ашылу салтанаты; 19.03.20 ж.-Риддер қаласы, жабылу салтанаты. 

VIII қысқы Қазақстан Универсиадасы.

 * 8-ден аса команда қатысқан жағдайда биатлон спорты (е.,ә) жарыстың міндетті спорт түріне және кешенді есеп қорытындысына есептелінеді.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы VIII қысқы Универсиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ 

Қазақ
× You found a Typo