Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Елордада «ТМД-ның үздік студенті- 2019» халықаралық жобасының жеңімпаздары марапатталды, олардың екеуі – ШҚМУ студенті

Нұр-Сұлтан қаласында ТМД оқу орындары арасындағы «Үздік студент-2019» байқауы аясында «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» жобасының жеңімпаздары марапатталды. 64 жеңімпаздың ішінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері Юлия Юрочкина мен Савелий Мужчиль бар.

Байқауды «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған.

Жоба аясында білім, ғылым, спорт, мәдениет салаларына үлес қосқан студенттер аталды.

ШҚМУ-дан конкурсқа музыка мамандығының студенті Ю. Юрочкина мен Жоғары колледж оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, шет тілі мамандығының студенті Савелий Мужчиль қатысты.

Нәтижесінде Юлия Юрочкина 1 дәрежелі, Савелий Мужчиль 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарға наградаларды Елтаңбамыздың авторы Ж. Мәлібеков табыстап, оларға табыс тіледі!

64 жеңімпаз студенттің қатарында елімізден бөлек, ресейлік және қырғызстандық жастар бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo