- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
3 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тәуелсіздіктің құрдастары және Желтоқсанның куәгерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу аясында облыстық Жастар кеңесінің мүшелері «Тарих, филология және халықаралық қатынастар» факультетінің студенттері Қысатай Әлібек пен Ақыт Мақпал алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.А. Қалимолдина «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» атты күміс төсбелгімен марапатталды.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар