- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Облыстық «Дидар» газетінің тілшісі, ақын Мұратхан Кенжеханұлының «Қоңыр қалжың» эпиграмма жинағының тұсаукесері өтті.
Оралхан Бөкей атындағы Өскемен қалалық кітапханасының қонақжай залы ақынның қалың оқырманына лық толды.
Айта кетсек, бұл – қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш эпиграммалар жинағы. Кітаптың тұсауын облыстық «Дидар» газетінің редакторы Уәлихан Тоқпатаев пен қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков кесті.
– Мұратханның бұл жинаққа енген эпиграммалары әуелде газетіміздің бір жобасы ретінде қолға алынып еді. Міне, енді жеке жинақ болып шықты. Жазуы қанық, әр жанның ішіндегі пернесін тап басып айта білген, – деді Уәлихан Тоқпатаев.
Кеш қызығын «Шабыт» студенттер театрының жастары енгізді. Жас әртістер ақын кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, оқырманды күлкіге қарық қылды.
Оразай Жеңісұлы,
журналистика, 3 курс