Халықаралық ERASMUS + бағдарламасы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Оқу процесін ұйымдастыру және жаңа контексте білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты республикалық онлайн-конференция өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтау сөз сөйледі. Конференция модераторы – ASTANA IT UNIVERSITY стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Мәуленұлы Өмірбаев.
Оқу процесін ұйымдастырудың және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің өзекті мәселелері талқыланған конференцияға ЖОО оқытушылары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Видео https://www.youtube.com/watch?v=LFSfvF52Wqs&feature=youtu.be
Баспасөз қызметі