Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Erasmus+» жобасы бойынша ШҚМУ ғалымдарының ғылыми тағылымдамасы Грецияда өтті

Erasmus+» жобасы жұмысы аясында жоба үйлестірушісі, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Б.Мырзагалиева, жоба менеджері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының м.а. Б.З.Медеубаева, оқытушы, химия кафедрасының доценті  М.В.Попова Аристотель университетінде (Греция) ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» «Erasmus+» жобасы жұмысы аясында жоба үйлестірушісі, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Б.Мырзагалиева, жоба менеджері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бастығының м.а. Б.З.Медеубаева, оқытушы, химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. М.В.Попова 2017 жылдың 24 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Грецияның Салоники қаласындағы Аристотель университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасы өте мазмұнды, ақпаратқа бай және ауқымды болды, университет ішінде ақпарат және тәжірибе алмасумен қатар, экскурсияларды да қамтыды. Тағылымдама кезінде төмендегідей экскурсиялар жүргізілді: Ұлттық табиғи парктегі экскурсия, Салоники қаласының тазарту станциясына экскурсия, Аристотель университетінің гидравлика және азаматтық құрылыс зертханасына, су зертханасына экскурсия және т.б.

Жоба қатысушылары жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасап, болашақтағы жоспарларымен таныстырды, «Erasmus+» жобасы бойынша бағдарламаны бекітті.  

«Erasmus+»

Қазақ
× You found a Typo