Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Erasmus+оқытушылар үшін ұтқырлық бағдарламасы туралы есеп берді

Ағымдағы жылдың 20-шы ақпанынан 7-ші наурыз аралығында шетелдің ЖОО-да оқытуға арналған ұтқырлық бағдарламасы орындалды. Жоба «Erasmus+» бағдарламасының қаржы есебінен Порто университетінің (Португалия, Порту қ.,) психология және білім беру факультетіне жіберілді.

Түрлі әлемнің рейтингтік басылымдарының мәліметтері бойынша, Порту Университеті Португалиядағы беделді жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады.( «500» рейтингісінде университет 323 орынды алады). Университет 1911 жылы құрылған, «Психология» бағыты 1977 жылы. Жоғарғы оқу орнында 30 мыңнан астам студенттер білім алуда, және оның 10% шетелден келген студенттер құрайды.

Психология және білім беру факультеті бөлек корпуста орналасқан және 16 лабораториялармен қамтамасыз етілген. Олардың ішіндегі қызықтырақ – нейропсихологиялық лаборатория (когнитивтік ғылымдағы консорциумнің әлемдік ғылыми зерттеулеріне кіреді), сексологиялық лаборатория (Кинси Институтының 11 зерттеу лабораторясынан тұратын тобына), консультациялық лаборатория.

Бағдарлама келесі бағыттарды құрады («Agreement», «Certificat» қосымша):

Университеттің Сенат мүшелерімен, Вице-ректор Педро Тейксерамен кездесу және университеттер жайында ақпарат алмасу;

Психология және білім беру факультетінің деканы Альберто Корейромен кездесу және факультеттер жайында ақпарат алмасу;

«Психологиялық даму» білім беру бағдарламасының жетекшісі, доцент Орландо Крузбен кездесу және серіктестіктің келешек мүмкіншіліктері мен жетістіктері жайында ақпарат ұсыну;

Консультативті психология орталығының жетекшісі, доцент Мария Эмилия Костамен кездесу және тәжірибелік жұмыстармен алмасу;

Нейропсихология лабораториясының жетекшісі, профессор Фернандо Барбоссамен кездесу және біздің лабораториямыздың оның түрлі ынталарды көрсету барысындағы мидың белсенділігін зерттеу жобасында қатысуын талқылау;

«Балалардың заңмен қақтығысын социалды-психологиялық түрде сауықтыру» (16 аудиторлық сағат) студенттер мен магистранттар үшін (87 тыңдаушы). Португалиялық студенттерден басқа, Бразилия мен Франциядан да студенттер қатысты;

Консультативті психология Орталығында супервизияның қиын жағдайын өткізу. Доцент Клауза Фартамен сексуалды зорлық көрген баламен жұмыс жасалды. Супервизияның ұсынылған сызбасымен баламен жұмыс жасау жүрісі зерттелді.

Баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және онымен жұмыс жасалуы үшін менімен жұмыстың альтернативті нұсқасы ұсынылды.

И.Мацкевич, профессор,  психология ғылымдарының кандидаты

Қазақ
× You found a Typo