Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Эразмус+: семинар тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

ШҚМУ-да Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі «ЖОО-ның академиялық саясаты: әкімшіліктендіру, құралдары және субъектілері» атты өңірлік семинар-тренингін аяқтады.

Семинарға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет оқытушылары және құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Дәрістерді Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша ұлттық сарапшылар командасының мүшелері оқыды: Серік Мәуленұлы Өмірбаев – Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор, Мирас Мұхтарұлы Дәуленов – М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ басқарма төрағасының орынбасары, PhD, Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова – доцент, п.ғ.к., Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының үйлестірушісі.

Семинар соңында қорытынды шығарылып, тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo