Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ерекше үлгіде өткен пікір-сайыс

Жуықта Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Этносаралық қарым- қатынастарды және әлеуметтік келісімді нығайтудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ командаларының арасындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарыссөз болып өтті. 
Сайысқа қатысушы командалар жеңіске жету жолында барын салды. Ойын қызықты әрі тартысты болды. Тақырыпқа байланысты қос команданың да тыңғылықты дайындалып келгендіктері байқалып тұрды. Ерекше форматта өткен пікір-сайыстың жеңімпаздарын анықтау төрешілер үшін оңайға соқпады. Үздік спикер атағын Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ командасының мүшесі қанжығасына байласа, мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып оза шапқан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы үздік команда атағын жеңіп алды. Қатысушы екі командаға да арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 
Сонымен қатар шара «Жарқын өмір» атты мерекелік фестиваль аясындағы концерттік бағдарламамен одан әрі жалғасты. «Улыбка», «Вайнах», «Азери» сынды хареографиялық би топтары мен «Ажарым» вокалдық тобы көрермен көзайымына айналып, мерекелік кеш барысында көрермен қауымға ерекше әсер сыйлады. 
Шара соңында Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков жалынды жастарға алдағы уақытта тек қана сәттілік пен жеңіс тілеп, барлық жарыссөз қатысушыларына, өнер көрсеткен шығармашылық ұжымдарға алғыс хаттар табыстады.

Молдир Самалханова

Қазақ

Tags:

× You found a Typo