Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ержан Жұмабекпен және Евгений Выбловпен кездесулер өтті

ШҚМУ-да «Біздің №1» он сегізінші жастар форумы аясында ақын Ержан Жұмабекпен және әнші Евгений Выбловпен кездесулер өтті.

«Болашақ біздің қолда» атты мотивациялық кездесулер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы, ақын Ержан Жұмабекпен және ШҚМУ түлегі болып табылатын «Х-фактор» жобасының жеңімпазы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы екінші кезеңінің финалисі, әнші Евгений Выбловпен өтті.

Евгений Северьянов (Выблов) ШҚМУ-ды 2012 жылы «мұзыка мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Евгений Выблов – түрлі байқаулардың сан мәрте жүлдегері. 2005 жылы ол «Абай оқулары» (Семей қ.) республикалық байқауының ІІІ дәрежелі дипломанты, «Әншi, болғым келеді» телевизиялық байқауының (Алматы қ.) жеңімпазы атанады, «Мы вместе» фестивалінің І дәрежелі дипломымен (Барнаул қ.) марапатталады, «Сибирская чайхана» фестивалінің (Новосібір қ., 2006 ж.) лауреаты.

2011 жылы Евгений Выблов Хfactor.kz бағдарламасына (2 маусым) қатысып, үздік 20 әншінің қатарына қосылды. Ал 2014 жылы аталмыш жобаның (5 маусым) жеңімпазы атанды.

– «Super Star.KZ» байқауының алғашқы қатысушыларымен кездесу мені өте қатты ынталандырды, – дейді Евгений. – Мен міндетті түрде әнші боламын деп өзіме-өзім сөз бердім.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo